DATAPRESS · SPECIAL PROJECTS

Оқырманназарынаударатын үлкен хикаялар.

Елдегі жетекші медиаплатформалардың бірінде брендтік арнайы жобалар жасаймыз: Министрлік растаған верификация, миллиондаған қамту және жоғары редакциялық сапа бірге жүреді.

0+ млн
ай сайынғы оқырман
0+
іске асқан арнайы жоба
0
өз сегментіндегі қамту бойынша
0 сағ
брифке орташа жауап уақыты
Ақпарат министрлігі ресми түрде верификациялаған
02 — Формат

Арнайы жоба дегеніміз не?

Арнайы жоба баннер де емес, жай жарнамалық мақала да емес. Бұл сіздің брендіңізді үлкен оқиғаның авторына айналдыратын медиаформат: кейіпкерлері бар, фактіге сүйенген, визуалды тілі мен эмоциясы анық материал. Мұнда оқырман жарнамадан қашпайды, керісінше соңына дейін оқып, бөлісіп, қайта оралады.

— Жарнама емес.

Аудитория тікелей жарнамадан шаршаған. Ал арнайы жобаға адамдар өз еркімен қайта оралады.

— Мақала да емес.

Бұл толыққанды медиаөнім: беттеу, графика, видео, интерактив. Деңгейі ірі халықаралық басылымдармен бәсекелесе алады.

— Бұл оқиға.

Мықты арнайы жобаны талқылайды, дәйексөзге алады, бөліседі. Ол жарияланғаннан кейін де бренд үшін айлар бойы жұмыс істей береді.

03 — Неліктен біз

Неліктен Datapress

Елдегі жетекші компаниялар өздерінің маңызды хикаяларын бізге сеніп тапсыратын бес себеп.

01ай сайынғы бірегей оқырмандар

Сенім артатын аудитория

Біздің порталды Қазақстанның түкпір-түкпірінде оқиды: реттеушілерден, топ-менеджменттен бастап миллениалдар мен Z буынына дейін. Бұл жай "трафик" емес, күн тәртібін қалыптастыратын сапалы аудитория.

02ресми верификация

Басқалар сілтеме жасайтын платформа

Datapress - ақпарат агенттігі мәртебесі бар верификацияланған дереккөз. Бізде жарияланған материал жаңалық агрегаторларына бірден ілігіп, басқа БАҚ-та дәйексөз ретінде қолданылып, оқырман сенімін күшейтеді.

03редакция, дизайн, әзірлеу

Бір шаңырақ астындағы команда

Журналистер, редакторлар, дизайнерлер, иллюстраторлар және әзірлеушілер - бәрі өз командамызда. Сырттан мердігер жинап, әрқайсының жұмысын үйлестірудің қажеті жоқ.

04таңдауға болатын формат

Кез келген формат — міндетке сай

Лонгрид, интерактивті жоба, видео, фоторепортаж, тест-квиз немесе натив материал - сіздің міндетіңізге қайсысы тиімді болса, соны ұсынамыз.

05экожүйеде кепілді қамту

Жай жариялау емес, толық тарату

Жоба жарық көргеннен кейін ол қолдаусыз қалмайды: порталдың басты беті, рассылка, әлеуметтік желілер және ішкі жарнама желісі іске қосылады. Біз жай жариялауды емес, нақты оқылымды ұсынамыз.

04 — Форматтар

Хикаяңызды жеткізудің алты жолы

Әр міндетке лайық формат бар. Әр брендке өзіне тән визуалды тіл керек.

01

Лонгрид

Фотосурет, инфографика және дәйексөздермен толыққан терең материал. Имидждік коммуникация мен күрделі тақырыптарға өте қолайлы.

02

Интерактив

Скроллителлинг, анимация, кастомды беттеу. Таңғалдыру және есте қалдыру керек кезде таптырмас формат.

03

Видео

Деректі роликтен reels топтамасына дейін. Барлығын толық атқарамыз: сценарий, түсірілім, монтаж.

04

Фоторепортаж

Көрнекі әсері күшті хикая. Кейде сурет сөзден де көп нәрсе айтады.

05

Тест / Квиз

Геймификация мен жоғары вовлечение. Жастармен нативті форматта сөйлесудің тиімді жолы.

06

Нативті материал

Бренд табиғи түрде кіріктірілген журналистік материал. Ең жұмсақ әрі сенім тудыратын форматтардың бірі.

05 — Үдеріс

Біз қалай жұмыс істейміз

Алғашқы қоңыраудан жарияланымға дейін 3-6 апта кетеді. Барлығы ашық, кезең-кезеңімен және артық тосынсыйсыз жүреді.

013–5 күн

Бриф және стратегия

Алдымен сізді мұқият тыңдап, нақты сұрақтар қоямыз, мақсат пен аудиторияны айқындаймыз. Нәтижесінде стратегиялық құжат дайын болады.

025–7 күн

Концепция

Бас редактор мен арт-директор арнайы жобаның 1-2 концепциясын ұсынады: формат, сценарий және визуалды тіл.

031–3 апта

Өндіріс

Журналистер мәтін жазады, фотографтар түсіреді, дизайнерлер бетін әзірлейді. Сіз маңызды кезеңдерде қатысасыз, бірақ шексіз түзетулерге уақыт жоғалтпайсыз.

041–2 апта

Әзірлеу

Әзірлеушілер анимациясы мен интерактиві бар арнайы жобаның жеке бетін құрастырады. Барлық құрылғыға бейімделген нұсқа жасаймыз.

05X күні

Жариялау

Жоба порталдың басты бетіне шығады, push-хабарламаларға, рассылкаға, әлеуметтік желілерге және серіктес арналарға таратылады.

0630 күннен кейін

Есеп

30 күннен кейін толық есеп береміз: қамту, оқылым, беттегі уақыт, реакциялар, айтылымдар және бренд динамикасы.

06 — Кейс
Тәжірибеден мысал
Клиент бренді2024

Корпоративтік есепті қалай маңызды әңгімеге айналдырдық

Қарапайым PDF-тің орнына дерекке және шынайы оқиғаларға құрылған лонгрид жасадық. Нәтижесінде материалды оқырмандар да, саладағы әріптестер де байқап, бренд жылы пікір мен сайтқа өтулер алды.

100K+
бір айдағы қаралым
4:10
беттегі орташа уақыт
10+
БАҚ-тағы жарияланым
Кейсті ашу
07 — Сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастауға дайынсыз ба?

Брендіңіздің хикаясын бірге бастайық.

Өтінім қалдырыңыз, бас редактор бір жұмыс күні ішінде хабарласады. Бриф пен бастапқы концепцияны тегін дайындап береміз.

«Жіберу» түймесін басу арқылы дербес деректерді өңдеуге келісім бересіз.

Талқылайық