Президент2026 ж. 21 қыркүйек1 мин оқу37

Токаев Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады

Токаев Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
✉️Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇷🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы аталған сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін, ал дауыс беру нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық бағдарын халық кеңінен қолдайтынына айқын дәлел болғанын атап өткен.

– Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ, – делінген құттықтауда.


Жеделхатта Қазақстан-Ресей одақтастық қарым-қатынасының маңызды бөлігі ретінде парламентаралық ықпалдастыққа айрықша назар аударылған.

Қазақстан Президенті Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-әзірлеу
24/7
жұмыс істейді

Сайт жасаймыз — бизнесіңіз онлайн сатады

Стартапқа, компанияға, интернет-дүкенге — дизайннан іске қосуға дейін. Клиенттер тәулік бойы келеді.

Тегін консультация →
DataPress IT